jasqazaq.kz

9 судья жауапқа тартылды

08 ақпан 2019, 15:21

2018 жылы Астананың қалалық сотында сот процесінде тұрғындардың көңілі толмаған 9 судья жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қалалық соттың мәлімдеуінше, өткен жылы судьяларға қатысты 240 шағым келіп түскен. «Олардың барлығын талдай келе 226 шағым (94%) судьялардың іс қарауда материалдық және процессуалдық талаптарды бұзуымен байланысты екенін анықтадық. Яғни жай азаматтар мен заңды тұлға өкілдері судья қабылдаған сот актілерімен келіспеген», — деді Астана қалалық сотының судьясы Гүлнар Әбдірахманова сот ғимаратында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, судьяларға түсетін арыз-шағымдар саны азайып келеді. 2017 жылмен салыстырғанда, өткен жылы түскен шағымдар 64-ке немесе 21% азайған. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын аудио-видеофиксация тәжірибесін енгізумен тікелей байланысты. «Судьялар сот отырыстарына тиісті деңгейде дайындалып, сот процесінің мәдениетін сақтауға тырысатын болды. 240 шағымның 14-інде судьялардың сот отырысын негізсіз кейінге қалдыруы, сот актілерін кешігіп жасауы, істі апелляциялық инстанцияға уақытында жібермегені айтылған. 14 шағымның 9-ында судьялардың айыбы дәлелденді және жауапқа тартылды», — деді Г. Әбдірахманова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда