jasqazaq.kz

9 оқушы газға уланып, ауруханаға түске

07 қыркүйек 2019, 11:10

Елордалық мектепте 9 оқушы газға уланып, ауруханаға түскен. Бұл ақпаратты мектеп басшылығы растады, — деп хабарлайды Аstana TV. Оқыс жағдай кеше түскі ауысымдағы сабақ кезінде болған. 5-ші сынып оқушысы, қалтасына салып алып келген бұрышты баллонды үзілісте түсіріп алған. Оны сыныптасы аяқ киім бояуы екен деп ойлап шаша бастаған. Мұны байқаған орыс тілі пәнінің мұғалімі, жедел жәрдемді шақырған. Осы жайтқа байланысты ішкі істер мамандары профилактикалық шараларды бастады. «Осындай фактілерді болдырмау үшін, шаралар қабылдау туралы мәселе мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қаралады. Сонымен қатар, мектеп инспекторы заңды өкілдерімен, яғни ата-аналармен профилактикалық жұмыстар, оқушылармен сынып сағаттарын жүргізіп жатыр», — деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова. Уланған оқушылар алғашқы медициналық көмектен соң үйлерін босатылған. Мектеп директоры мән-жайды анықтапты. Ол оқушысының бұрышты баллонды ата-анасының рұқсатынсыз алып келгенін айтты. Дегенмен ата-анасы құрылғыны қорғану үшін арнайы алып берген деп отыр. «Мектебіміздің ережесінде бар ондай ешқандай өткір, жарылғыш,улы заттарды алып келуге болмайды.Себебі, қаншалық ата-ана өз баласын ойлағанымен бұл мектепте оның жалғыз баласы оқымайды. Сол себептен, мектептің өзіміздің қауіпсіздік шараларын қайтадан ол кісіге ескерттік, түсіндірдік ондай болмайтындығын, мектепке алып келуге болмайтындығын түсіндірдік», — деді №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық