jasqazaq.kz

9 мың жетім баланы шетелдіктер асырап алған

14 ақпан 2019, 12:04

Қазақстанның 9 мың жетімегін шетелдіктер асырап алған, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 6 мыңы АҚШ-та. Ирландия, Ұлыбритания, Германия, Франция сынды басқа да Еуропа елдеріне аттанғаны қаншама. Бүгінде қазақстандық балалардың шетел асуы сиреп келеді.
Деректерге сүйенсек, 1999-2012 жылдары қазақстандық жетімдерді асырап алуға ниетті шетелдіктер күрт көбейген. 8000 бала азаматтығын ауыстырды. Ал 2013-2016 жылдары 125 баланы шығарып салдық. 2017 жылы он бала шетел асқан. Байқасаңыз, көрсеткіш жыл сайын сиреп келеді.

Қазақстандық баланы асырап алғысы келетін шетел азаматы шамамен 30-40 мың долларын жұмсауы тиіс. Құжат жинаудан бөлек, белгілі уақытта мемлекетті баланың жағдайынан хабардар етіп отыру міндеті тағы бар. Яғни қазақстандық жетім баланы асырап алу үрдісі күрделі. Бүгінде Испания, Италия, Франция, Канада, Бельгия, Англия сияқты елдер бала асырау бойынша Қазақстанға жүгіне алады. Тек 2012 жылдан бері АҚШ-қа мұндай құқық берілмейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда