jasqazaq.kz

9 минутта 12 рет жол ережесін бұзған (видео)

05 қыркүйек 2020, 18:57

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін Әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылды.

– Азамат «Е» 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта екі рет қарсы жолаққа шығып кеткен. Белгісіз қалу үшін жас жігіт машинадан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін алып тастаған. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, бұзақыны анықтады. Оның жүген барлық бағыты тексерілді. Тоғыз минут ішінде ол жол ережесін 12 рет бұзған, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков. «Toyota Land Cruiser» жүргізушісіне қатысты 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бұзушылықтар үшін салынған айыппұл мөлшері 225 мың 018 теңгені құрайды. Өндірістік материалдар Алматы қаласындағы СМАС-қа жіберілді. Бұл құқық бұзушылық түрі көлік құралын басқару құқығынан айыруды қарастыратынын ескертеміз.

https://youtu.be/Mg4GjFaTwuI

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия