jasqazaq.kz

9 қабатты үй өртенді

20 сәуiр 2020, 11:51

Нұр-Сұлтанда 9 қабатты үй өртеніп, 35 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, оқиға 20 cәуір күні болған. Сағат 08:01-де елорданың өртке қарсы қызмет нөміріне Мұстафин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, үйдің екінші қабатындағы балконда киімдер өртеніп жатқан. Өрт сөндірушілер алдымен үйде тұратын 35 адам, соның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Жалын бес шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 08:13-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,-делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия