jasqazaq.kz

Азия ойындары: Қазақстан 9-ыншы «алтынды» жеңіп алды

30 тамыз 2018, 11:00

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар ел қоржынына тоғызыншы алтын медальды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін, 30 тамыз күні (сағат 07.30-да) Жакартада каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық кезеңдер басталды. 500 метрге жарысуда Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, «алтынға» қол жеткізді. Бұл сында ел намысын Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев қорғаған болатын. Спортшыларымыздың уақыт көрсеткіші — 1.24.203. Күміс жүлде — Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасының еншісінде. Қазақстан құрамасы үшін бұл Азия ойындарындағы 52-інші медаль, оның 9 — алтын, 9 — күміс және 34 — қола. Көш басында жарыстың алғашқы күнінен бері Қытай құрамасы келеді. 29 тамыздағы көрсеткіш бойынша олардың еншісінде 102 алтын, 67 күміс, 50 қола (219) медаль бар. Екінші орынға 52 алтын, 47 күміс, 63 қола (162) медальмен әзірге жапониялықтар орналасып отыр. Үшінші орында 37 алтын, 42 күміс, 50 қола (129) медальмен — Оңтүстік Корея.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді