jasqazaq.kz

846 елді мекенде медициналық нысан мүлдем жоқ

02 сәуiр 2019, 10:59

846 ауылдық елді мекенде медициналық нысан мүлдем жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында алғашқы медициналық көмек сапасын жақсарту туралы баяндаған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ұйымдарды ірілендіру жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмек ғимараттарының тозу деңгейі 9 өңірде республикалық көрсеткіштен жоғары. Сонымен қатар, инфрақұрылымды жаңарту шаралардың аздығына байланысты 846 ауылдық елді мекенде медициналық нысанның жоқтығын атап өткім келеді», — деді министр. Сонымен қатар, ол еліміздің өңірлерінде, әсіресе ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетудің және тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңызы зор екендігін баса айтты. «Көтерме жәрдемақы ұсыну бойынша Алматы, Қостанай және Жамбыл облыстары жеткіліксіз жұмыс жүргізуде. 2019 жылы еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 5 000-нан астам түлегінің 1515-і жалпы практика дәрігер маманы болады. Бұл алғашқы медициналық көмек кадрларының тапшылығын түгелдей қамтуға жеткілікті», — деді ол. Оның атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдар жас мамандарды тарту мақсатында барлық әлеуметтік қолдау шараларын жасауы қажет. «Әлеуметтік қолдау шаралары ауылды елді мекендермен қатар, шағын қалаларда көрсету мүмкіндігі заңнамамен бекітілу қажет. Бұл сол жердегі кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жас мамандарға өз оқуын жеке меншік медициналық ұйымдарда жұмыспен өтеуге мүмкіндік беру қажет. Бұл алғашқы медициналық көмекті мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы дамытуға мүмкіндік береді»,- дедіЕ.Біртанов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда