jasqazaq.kz

84 жастағы кейуана өз пәтерінде өртеніп кетті

16 ақпан 2020, 19:48

Петропавлда 9 қабатты үйден өрт шығып, 84 жастағы әйел қаза болды.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 10.30 шамасында «101» қызметіне Кошуков көшесі, 7 мекен жайындағы 9 қабатты үйдің үшінші қабатынан өрт шыққандығы жөнінде хабарланған.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтер жалындап жанып жатқан. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 8 адамды, соның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге шығарды.

Оқиға орнынан пәтердің иесі — 1936 жылы туған әйелдің денесі табылды.

Жалынмен күреске 20 адам және 6 техника жұмылдырылды. Сағат 11.00 шамасында жалын толық сөндірілді.

Өрттің салдарынан дүние-мүлікке зақым келді. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия