jasqazaq.kz

82 дәрігер коронавирус жұқтырды

13 сәуiр 2020, 18:05

#үйдеотыр

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова COVID-2019 ауруының пациенттерін емдемейтін дәрігерлердің арасында коронавирусты жұқтыру фактісі артып бара жатқанын мәлім етті.

«COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеуге, күтуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны да тез өсіп келе жатқанын атап өту керек. Сонымен қатар аталған контингент маңызды эпидемологиялық бөлім саналады. Яғни бұл санат инфекцияны ары қарай өршітуі мүмкін ошаққа айналу қаупі бар», — деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы бүгін ғана COVID-2019 ауруымен жатқан пациенттерді емдеу және күту шараларымен айналыспайтын 82 адамның вирус жұқтырғанын айтып өтті.

«Жұқтырудың жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан (36), Алматы (33) қалаларында, сонымен қатар Атырау (6), Ақмола (3) облыстары және Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ ІІМ ведомствоаралық қызметінде тіркелді», — деді ол.

Людмила Бюрабекова Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан 8 адам, Ұлттық онкология және трансплантология орталығынан 16 адам, «Мейірім» медициналық орталығынан 7 адамның коронавиус жұқтырғанын мәлім етті.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия