jasqazaq.kz

800-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

20 ақпан 2019, 14:09

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 111 техника тазартылған жерге шығарылды.

218 адам құтқарылса, соның 16-сы — балалар. Бәйтерек ауданында 18 ақпан күнгі сағат 21.00-ден кешегі 12.00-ге дейін боран мен қарға байланысты жергілікті жолдарда тұрып қалған 12 жеңіл автокөлікке (20 адам) көмек көрсетілді. Сол секілді кеше сағат 11.19-да Ақжайық ауданында Орал-Атырау жолының 175-шақырымында сынып қалған «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі Чапаев ауылына жеткізілді. Бүгін түнгі сағат 00.30-да Бәйтерек ауданында Орал-Саратов жолының 45-шақырымында бір жүк және 4 жеңіл көлік (17 адам, үшеуі — балалар) тазартылған жерге шығарылды. Сағат 01.05-те Тасқала ауданында Орал-Саратов жолының 96-104 км аралығында жолаушылар автобусы, жүк тиейтін 5 «ГАЗель» және 57 жеңіл көлікке жәрдем берілді. Бұл көліктерде 181 адам (16-сы — балалар) болған, соның ішінде 38-і — Өзбекстан азаматтары. Өзбекстандық азаматтардың автобустың ішін жылыту үшін газ баллоны мен электр қыздырғышын алып келе жатқаны белгілі болды. Бұл көлік ішінде өрт тұтануына себеп болуы мүмкін еді. Абырой болғанда, азаматтық қорғау органының қызметкерлері оның алдын алды. Ақтөбе облысында қайғылы оқиға болып, 52 адамның автобус ішінде жанып кеткені белгілі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде