jasqazaq.kz

80 жастағы қарияның үйінен 62 келі “көкнәр” анықталды

14 мамыр 2020, 10:24

Түркістан облысының полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген “көкнәр” өсімдігін тапты.

Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді деген хабарлама келіп түседі. Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді.​

Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үйінің ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды. Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабымен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.​​​​​​​​​​

Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш төрт соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық “Ұйықтататын көкнәр” болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат “кептірілген көкнәр сабаны” екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады.

​​​​​​​​Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін көрсетті. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы тұрғын бұрын осы тектес қылмысты жасап, үш жылға сотты болған.

​​​​​​​​​​​​​Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз пайдалансаңыз, сақтасаңыз, саудаға шығарсаңыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеді. Сондай-ақ, есірткі құралдарын пайдалану бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға зиян екендігін ұмытпаңыз.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия