jasqazaq.kz

80 мың киікті атуға рұқсат бермек

29 маусым 2022, 13:17

Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Серікқали Брекешев Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киік санын реттеудің қажеттілігі бар дегенді айтып отыр. Бұл Жайық популяциясына қатысты болады. Қазір бұл популяцияның саны 800 мың бастан асады десек, соның 10 пайызы, яғни 80 мың бас киік реттеуге жатады», — деді министр Мәжілістің пленарлық отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.

Журналистерге берген жауабында Серікқали Брекешев «киік санын реттеу» деп негізінен оларды ату туралы айтылғанын нақтылады. Сондай-ақ, ол киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейтінін ескертті.

«Оның ішінде кейбір популяциялардың санын көбейту де көзделген. Реттеу деген киік санын ұстап тұру екенін қайталап айтамын. Реттеу дегеннен кейін белгілі бір нормалар бар екені түсінікті. Бұл қажетті шара. Ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылықтар болмау үшін осылай істеу керек. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында киіктер жайылымдарға ғана емес, егін алқаптарына да кіріп жатыр. Сондықтан бір жағынан проблема да бар. Тіпті биологиялық негіздеме бойынша киіктердің оңтайлы саны емін-еркін тірлік кеше алатын көлемге жетуі керек. Осы негіздемелердің аясында реттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда біз 500-ге дейін киікті зерттеу үшін аламыз», — деді ведомство басшысы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр