jasqazaq.kz

8 жерінен пышақталып, көз жұмған балаға қатысты тың дерек (видео)

23 маусым 2020, 12:26

Таразда 15 жастағы Оралбек Кетебаевтың өліміне қатысты тың дерек жарияланды. Мектеп оқушылары арасындағы жанжал өткен аптада болған еді. Жасөспірім 8 жерінен пышақталып, ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Онымен бірге болған достары түрлі дене жарақаттарын алып, үйде емделіп жатыр. Оқиға куәгерлері төбелеске Оралбектің сәтсіз әзілі себеп болды дегенді алға тартып отыр. Марқұм құрдас қызбен әзілдеспек болған екен. Ол ағасына айтып, мұның соңы жанжалға ұласқан. Күндіз төбелеспек болған балаларды үлкендер ажыратып жіберіпті. Олар кешке каналдың жанында жолығып, іске нүкте қоюды көздеген. Әр тараптан төрт-төрт баладан болған. Олар алдымен каналдың бір жағасында жаға жыртысса, бірнеше минуттан кейін арғы бетке өткен. Ол жерде балаларды тағы 10 жасөспірім күтіп алып, бәрі жабылған. Қазіргі таңда текетіреске қатысқан әр жасөспірімді полиция жеке-жеке тергеп жатыр.

Басты күдікті 16 жастағы бозбала. Полицейлер пышақ сермеген сол деп күдіктеніп отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия