jasqazaq.kz

8 жасар қызын далаға қуып шыққан

24 желтоқсан 2020, 15:31

Нұр-Сұлтанда қызын жалаңаш далаға шығарып жіберген отбасы табылды. Қамқоршылық және қорғаныс органдары, балалардың құқығын қорғау комитеті және полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Осыған дейін елордалық келіншек 8 жасар қызын аязда далаға қуып шыққаны туралы ақпарат тараған. Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

«23 жетоқсан сағат 21:20-да полицияға елорда тұрғынан көршісі 6 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызын соққыға алып, кішкентай қызды далаға қуып жібергені туралы хабарлама түсті. 35 жастағы келіншек анықталып, осылайша анасы көршілердің киім ілгішін рұқсатсыз алған балаларын жазалағаны белгілі болды. Отбасы тізімге ілініп, қатаң қадағалауға алынды. Қазір құзырлы органдары баланың заңды қамқоршыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр», — дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алғандарын айтты.

«Баланың тұрғылықты жері анықталды. Қазір ол құзырлы органдардың қадағалауында, қауіпсіз жерде. Балаға көмек көрсетілді», — деп хабарлады балалардың құқығын қорғау комитеті.

Еске салсақ, елордалық келіншек қызын аязда жалаңаш далаға қуып шыққан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия