jasqazaq.kz

8 жасар қызды өртеді деген күдікті ұсталды

28 сәуiр 2019, 16:49

Жамбылдық полицейлер 8 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 24 сәуірінде Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын. Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні қаланың сыртынан жоғалған қыздың мәйіті табылып, Полиция департаменті қылмыстық істі «Кәмелетке толмағанды өлтіру» бабына ауыстырды. Аса ауыр қылмысты ашуға Ішкі істер министрлігінің, Жамбыл облысы Полиция департаментінің, прокуратура және тағы басқа күш құрылымдарының тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылды», — деп атап өтті Жамбыл облыстық Полиция департаментінен. Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталды. «Іс бойынша айғақ заттар алынды. Ол — 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны. Отбасылық жағдайы — үйленген және бұрын Қылмыстық кодекстің 175-бабы 2-бөлігімен (ұрлық) сотты болған. Аталған дерек бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген таратылған ақпаратта. 2010 жылы туған қыз баланың жоғалып кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол өнер мектебіндегі сабағына кетіп, үйіне қайта оралмаған. Бір күннен кейін Аруайды іздестіру барысында Қаратау қаласының шеткі ауданынан белгісіз баланың өртенген мәйіті табылды. «Киімнің кесектерінен қыздың анасы оның Аруайға тиесілі екенін болжап отыр», — деген болатын облыстық Полиция департаментінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде