jasqazaq.kz

8 жасар қыз Сириядағы соғыс туралы кітап жазды

16 қазан 2017, 16:55

Нью-Йоркте «Қымбат әлем» (Dear World) атты кітаптың тұсаукесері өтті. Оның авторы 8 жасар Бана эл-Абед есімді сириялық қыз, — деп жазады Ансар.ру. Аталмыш кітаптың тұсаукесері оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Қазіргі уақытта Алеппода туып-өскен Бана өз отбасымен Түркияда тұрады. Кіп-кішкене сириялық қыз бен оның анасы әлеуметтік желілерге 6 жылға созылған Сириядағы соғыста зардап шегіп жатқан балалардың тағдыры туралы жазу арқылы танымал болған болатын.

Кітаптың тұсаукесері Нью-Йорк университетінде өткен. Шарада автор және оның анасы кітаптан үзінді оқып беріп, қолтаңбаларын таратты.

Кітаптың толық атауы мынадай: «Қымбат әлем: сириялық қыздың әскери тарихы мен бейбіт өмірге үндеуі». Тұсаукесердің қатысушылары кітаптың үзінділерін тыңдай отырып, еріксіз көздеріне жас алды.

muftyat.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде