jasqazaq.kz

8 жасар қыз баланы ит талады

22 сәуiр 2022, 21:21

Ақмола облысында ит талаған 8 жасар қыз бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жүгінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 21 сәуір күні Зеренді ауданының Шағалалы ауылында болған. Полиция бөліміне 33 жастағы әйел хабарласып, шығыс еуропалық тұқымды иттің иесіне шара қолдануды сұраған.

«Әйелдің сөзінше, сағат 19:30 шамасында көршінің иті көшеде жүрген 8 жасар қызына шабуылдаған. Қызды ит аузынан әжесі аман алып қалады. Басы мен кеуде тұсынан жарақаттанған бала медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер көмек көрсеткен соң үйіне жіберілді» , — деді полицияның баспасөз қызметі.

Иесі иттің байлаулы тұрғанын, алайда өздері жоқта шынжырдан босап кеткенін айтқан.

«Ауыл тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері 407-2-баптың 1-бөлігінің 4-тармағы (үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылып отыр» , — деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр