jasqazaq.kz

8 жасар қыз ауруханада көз жұмды

24 желтоқсан 2019, 17:01

Кеше Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 13 орта мектебінде оқитын сегіз жастағы оқушы ауыр науқастан аудандық ауруханада қаза болды. Оқушы жұма күні сырқаттанып сабаққа келмей қалған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш-ақ күн ауырған баланың мезгілсіз қазасын мектептегі ата-аналар менингиттен болды деп жорып, кейбірі балаларын бүгін сабаққа жібермей қойыпты. Желіде тараған хабарламалар ата-аналардың қорқынышын одан әрі үдетіп жіберген екен.

Қазір аталған мектепте оқу күні болса да, сабаққа келген бала көрінбейді. Бала менингиттен қайтыс болды дегенді естіген соң ата-аналар балаларын сабаққа жібермей қойыпты.

«Біз шу көтерген соң мектепті жапты. Шуламасақ, жаппайтын да еді. Тіпті СЭС-тен келген мамандар баланың неден қайтыс болғаны туралы қағазын да алып келмеген. Ауруханадағылар да бәрі жасырып отыр», — дейді ата-ана Мақпал Манжуова.

«Екі жыл бұрын тағы бір бала менингиттен қайтыс болды. Сонда мектепте карантинмен жабу үшін қанша бала өлу керек?», — дейді екінші ата-ана Эльмира Шойбекова.

Шынында да мектепте ешқандай карантин жарияланбаған. Ата-аналар мектепте ақпараттың ашық берілмейтініне ашулы.

Бұл мектепте екі жыл бұрын да менингитпен күдіктелген оқушы қаза болған. Ол кезде сыныптастарының да ыстығы көтеріліп, дәрігерге тексерілген екен.

Мектеп директоры ата-аналарға істің ақ-қарасын білмейді деп наразы. Мектепте тазалық жұмыстары жүріп жатқанын, ауаны желдетіп, хлормен тазалап жатқанына айтты.

Алайда мектепте директор айтқан жұмыстың бірі де байқалмайды. Тіпті балаларды мектепке дейінгі даярлау орталығы жұмыс істеп тұр. Ал, аудандық ауруханадағылар болса, оқушыда менингит болмағанын айтады.

«Біз баланы жұқпалы аурудан ауырды ма деп ойладық. Бірақ бірден жұлыннан шырышты алып тексергенде менингит емес болып шықты», — дейді Талғар аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Нұргүл Матжанова.

Баланың жақындары қайта сараптама жасатудан бас тартты. Мәйітті жерлеу үшін оны туған ауылына алып кетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия