jasqazaq.kz

8 телефонды түрмеге кіргізбек болды

16 наурыз 2021, 15:45

Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлік жүргізушісі 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болған.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға қауіпсіздігі барынша жоғары РУ-170/3 түзету мекемесінде болды. «Жедел қызметкерлер жүргізушінің тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефондарды мекеме аумағына алып өтуге дайындалып жатқаны жөнінде хабар алған. Н. деген жеке кәсіпкерге тиесілі, Ж. есімді жүргізуші айдаған көлік құралын тексеру барысында 8 ұялы телефон, сонша зарядтік құрылғы және 3 наушник салынған орама табылды», деді департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі жасалды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына (қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес сотқа жолдау үшін материал жинақталды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия