jasqazaq.kz

8 шілде күнгі ауа райы болжамы

08 шiлде 2018, 11:34

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 8 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ күтіледі. Павлодар облысының жекелеген жерлерінде найзағай, 15-25 м/с жылдамдықтағы жел, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с күшпен жел соғады. Бұршақ, сондай-ақ түнде және таңертең тұман болжанады. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі. Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең — найзағай күтіледі. Күндіз Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Алматы, Атырау облыстарында, Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді