jasqazaq.kz

8 наурызда аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпарат жалған

19 ақпан 2019, 10:15

Астана қаласының әкімдігі 8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, кешелі бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Халықаралық Әйелдер күніне орай елордадағы көпбалалы аналарға 100 мың теңгеден беріледі деген ақпарат тараған болатын. Тараған ақпаратттарға сәйкес, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «І және ІІ дәрежелі» «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға ақша берілетіні туралы, ол қаражатты алу үшін «Қазпоштаға» 20 ақпанға дейін құжат өткізілуі тиіс деген сыңайда хабарлама шыққан еді. Бұл хабарламаның рас-өтірігін тексеру мақсатында ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде