jasqazaq.kz

8 қараша күні елордада автобус жүрмейді

06 қараша 2020, 10:47

8 қараша — жексенбі күні Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жүрмейді.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты. «8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік бір күнге тоқтайды. Дүйсенбі күні, 9 қарашада автобустар қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз» деп жазды компания Instagram парақшасында. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, SMS көмегімен және мобильді қосымшалар арқылы төленеді.

Еске сала кетейік, елордадағы қоғамдық көлік жолаушыларына ыңғайлы болу үшін төлем жасаудың түрлі әдістері мен тарифтері қарастырылған:

— көлік әмияны — ақшаны көлік картасына аудару;

— көлік билеті — 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;

— «SMS арқылы төлем жасау» — ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;

— «QR-код арқылы төлем жасау» — жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;

— бірлескен брендтік карта — жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.

Тәуліктік жол жүру билетінің жарамдылығы сатып алынған сәттен емес, бірінші валидациядан кейін есептеле бастайды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия