jasqazaq.kz

8-ші қабаттан секірмек болған жігітті сақшылар құтқарды

11 наурыз 2019, 16:07

Өскемендік сақшылар суицидтің алдын алды. Оқиға 9 наурыз күні болған. Күндізгі сағат 15.30 шамасында «102» арнасына әйел адам хабарласып, бейтаныс жігіттің терезеден секірмек болып жатқанын хабарлайды.

Оқиға орнына дереу жеткен тергеуші Сағыныш Сәбиханов пен жедел уәкіл Қанат Дәуітханов пәтердің нөмірін бірден анықтап, сегізінші қабатқа жүгірген. Бұл кезде төтенше жағдай, жедел жәрдем мамандары да жетіп үлгереді. Пәтерге кірген бойда сақшылар жігіттің терезеден сыртқа шығып алғанын байқайды. Өмір мен өлімнің арасын бір ғана қадам бөліп тұрған. Төмендегі адамдардың ақылы мен жалынышты сөздеріне 24 жастағы жігіт құлақ аса қоймайды. Тек Сағыныш Сәбихановпен тілдесе бастайды. Осы сәтті пайдаланып, тергеуші жылы сөздермен жігітті өзіне баурай берген. Келіссөз бір сағатқа жуық уақытқа созылған. Ақыры Сағыныш Сәбихановтың ағалық ақылына иліккен жігіт алғашқы райынан қайтқан. «Жас-жас жігіттің неліктен мұндай шешім қабылдағанын тергеу амалдары анықтайды. Әзірге себебі белгісіз. Соншама адамның арасынан тергеушінің сөзі ғана әсер етсе керек. Өз ісін адал атқарып, адам өміріне араша түскені үшін Сағыныш Сәбихановты марапаттау жөнінде басшылыққа ұсыным жіберілді. Ал суицид жасамақ болған жігіт дін аман», — дейді облыстық полиция департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Әйгерім Нұрғазина

 ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда