jasqazaq.kz

750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20 қазан 2018, 15:47

Бас прокуратура өз қатарындағы жемқорлыққа қарсы тұру үшін жүйелі түрде шаралар қолданып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазан айында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры Д. Аязбаевтың аумағы 6 гектар болатын 102 жер телімінің пайдалану мақсатын өзгерту және қайта рәсімдеу ісіне заңсыз араласқанын анықтады. Аязбаев өз билігін асыра пайдаланғаны үшін оның ісі сотқа беріліп, өзі прокуратура органынан жұмыстан қуылды. Сондай-ақ арнайы дәрежесінен де айырылды. Ал заңсыз рәсімделген жер телімдері мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Сонымен қатар, 19 қазан күні Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры М.Ж. Шалабаевты жергілікті кәсіпкерге «қамқорлық» көрсету үшін 750 мың теңге пара алып жатқан сәтінде қолға түсірді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Шалабаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде