
Қазақстанда кеше 74 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 11 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай, аймақтар бойынша: Алматы қаласында — 14 454(+5), Нұр-Сұлтан қаласында -14 203(+5), Атырау облысында — 11 145(+8), Қарағанды облысында — 10 351(+7), Шығыс Қазақстан облысында — 8 932 (+11), Батыс Қазақстан облысында — 6 885(+3), Шымкент қаласында -5 203(+1), Алматы облысында — 4 995(+0), Солтүстік Қазақстан облысында — 4 219(+11), Жамбыл облысында — 4 143(+3), Павлодар облысында — 3 998(+6), Ақмола облысында — 3 526(+4), Қостанай облысында — 3 519(+4), Түркістан облысында — 3 394(+1), Маңғыстау облысында — 3362(+5), Ақтөбе облысында -3 257(+0), Қызылорда облысында -3 245(+0). Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 108 831.