jasqazaq.kz

74 адам қос азаматтығы үшін жазаланды

12 желтоқсан 2019, 15:35

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері қос азаматтығы үшін 70-тен астам адамды жауапқа тартты. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Мұндай мәліметтер Шығыс Қазақстан облысы және Ресей Федерациясының Алтай аймағы полицейлерінің шекарамаңы ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс кездесуінде айтылды. «2019 жылы Алтай аймағымен әрекеттестік ықпалдастық және өзара іс-қимыл жоспары негізінде жүзеге асырылуда. Қазақстан азаматтығынан айырылған, алимент пен қарызын төлемегендіктен мемлекетаралық іздеуге жарияланған тұлғалардың тізімін тоқсан сайын жіберіп отырамыз», — деп атап өтті ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Бекпаев. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін РФ-ның 74 азаматы жауапқа тартылды. Жиын барысында көші-қон саласындағы серіктестік қана емес, мал мен автокөлік ұрлығы, заңсыз есірткі айналымымен күрес және шекара режімі мәселелері талқыланды. ШҚО ПД басшысының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, жұмыс барысымен осындай кездесулер өткізу шекаралас елдердің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуда аса маңызды. Кездесу барысында күн тәртібіндегі барлық сұрақтар бойынша ашық және конструктивті диалог өтіп, тиісті ұсынымдар пысықталды. Сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстанның ішкі істер органдарының шекарамаңы ынтымақтастығы аясында қылмысқа қарсы бірлескен шараларды белсенді іске асыру үшін ұсыныстар енгізілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда