jasqazaq.kz

72 ақбөкен атқан браконьерлер іздестірілуде

28 қазан 2019, 18:32

Қарағанды облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына 70-тен астам киік атқан күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша бағыттама берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

26 қазан күні «Охотзоопром» және Нұра аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Нұра ауданына қарасты Жанбобек ауылынан 60 шақырым жерде мүйіздері кесілген 72 киіктің тұтас еті табылған. Осыған орай облыстық полиция департаменті басшылығымен күдіктілерді ұстауға байланысты білікті мамандардан жедел-іздестіру тобы құрылған болатын. Қарағанды өңірімен шектесетін облыстардың полиция қызметкерлерімен бірлесіп тосқауыл бекеттері қойылды. Бағыттамада көрсетілген автокөліктерге ұқсас барлық көлік құралдары тексерілуде. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде