jasqazaq.kz

70 жастан асқандарға футболдан Англия чемпионатына баруға тыйым салынбақ

07 наурыз 2020, 19:28

Футболдан Англия премьер-лига чемпионатының басшылығы жаңа коронавирустың таралуымен күрес әдістерінің бірі ретінде 70 жастан асқан егде адамдарға лига матчына стадионға кіргізуге тыйым салу туралы мәселені қарастыруда. Бұл туралы британдық Mirror басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Олар егде жандар жаңа коронавирус жұқтыруға тез бейім болып келеді деп санайды. Егер тыйым салатын болса, онда бірінші кезекте «Кристал Пэлас» командасы, оның 72 жастағы бас бапкері Рой Ходжсон зардап шегуі мүмкін.

Бұған дейін ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) басшылығы коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында командалар ойыншыларына матч алдында қол алысуға тыйым салды.

Ұлыбританияда 163 адамнан коронавирус табылған. Қазіргі уақытта біреуі вирустан көз жұмғанын ресми түрде расталды.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық