jasqazaq.kz

70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады деп айыпталуда

26 қыркүйек 2020, 12:15

Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер телефон ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы  елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Тергеушілердің айтуынша, ер адам кафеде отырғанда отбасының үстелге ұялы телефондарын қойғанын көрген. Зейнеткер осыны пайдаланып, шығып бара жатқанда 150 мың теңгенің екі смартфонын алып кеткен.

Көп ұзамай күдікті қамауға алынды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Ұрланған телефондар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, зейнеткер бәрін мойындады.

Полиция қазақстандықтардан мұқият болуды және жеке заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия