jasqazaq.kz

70-тен астам жол апаты орын алды

13 қантар 2021, 12:15

Ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Түнгі сағат үштен бастап қалада 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды. Оның алтауында адамдар зардап шекті. Жауын-шашынның көп болуы қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық. Кептеліс құбылыстары бар, көліктердің өткізу қабілеті нашарлайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көбінесе кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдайлар туындатады, қауіпті маневр жасайды, бір-бірін сыйламайды. Ал жаяу жүргіншілер жолды тыйым салынған жерден кесіп өтеді. Бұл факторлар жалпы жол жағдайына кері әсер етеді», — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия