jasqazaq.kz

70 мың теңге қарызы үшін тұрғын пәтерінен айырылды

30 қыркүйек 2019, 16:28

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтынушының «Севказэнергосбыт» ЖШС қарызы 69 469 теңге болған, деп хабарлайды Қазақпарат Берешегін қайтаруға асықпаған борышкердің пәтерін сот аукционнан сатып, қарызды өндіріп алуға шешім шығарды.

Қазіргі уақытта тұтынушылардың компанияға дебиторлық берешегі 249 млн 472 мың теңгеге жеткен. Оның 106 млн 470 мың теңгесі пәтер иелеріне тиесілі. Қордаланған қарызды қайтару мақсатында энергетиктер төтенше шараларды қолдана бастады. Мәселен биыл жеке сот орындаушылары борышкерлерге қатысты қарызды қайтару тәртібін өзгертуге 12 ұйғарым әзірлеп, нәтижесінде 6 баспана аукцион арқылы сатылды. «Борышкерге қарызы туралы хабарлама жіберіледі. Сол уақытта қарыз иесінің дүние-мүлкіне шектеу қойылып, есеп-шоттары, жұмыс орны, зейнетақы шотындағы қаражаты туралы мәлімет жиналады. Ескертуге қарамастан қарызды жақын арада қайтармаса, ал қарызы 20 АЕК жоғары болса ел аумағынан шығуына шектеу қойылады. 250 АЕК мөлшерінде берешегі бар адам дәлелді себепсіз борышын қайтармаса, оған лицензиялардың, рұқсаттардың және арнайы құқықтардың берілуі мен қолданылу мерзіміне уақытша шектеулер қойылады», – дейді «Севказэнергосбыт» ЖШС заң бөлімінің бастығы Максим Пусев. Кәсіпорын мамандарының айтуынша, қарызды қайтаруда көптеген іс-шаралар қолданылады, алайда борышкердің дүние-мүлкіне шектеу қойғанда ғана ол өз нәтижесін береді екен. «Егер тұтынушының материалдық жағдайы қиын болса, біз әрине оларға кеңшілік жасаймыз. Бөліп төлеуі үшін кесте жасап береміз. Жарық пен жылуды ауадан алып жатқан жоқпыз. Компания энергияны өндіру үшін қондырғыларды үнемі жаңартып отыруы қажет, отынды сатып аламыз. Тұтынушылардың қарызы мыңдап емес, миллион теңгелеп саналады. Олардың коммуналдық ақыны уақтылы төлемеуінен қаржы жетіспеушілігі туындайды, салдарынан несие алуға мәжбүрміз. Ал бұл өз кезегінде тарифке әсер етеді», – деді «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры міндетін атқарушы Мағауия Сағындықов. Петропавлда жыл басынан бері борышкерлердің 6 пәтері аукцион арқылы сатылса, жыл соңына дейін олардың қатарына тағы үшеуі қосылуы мүмкін.

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда