jasqazaq.kz

7 жасар қызға азғындық жасамақ болған күдіктіге қатысты тағы бір дерек пайда болды (видео)

22 сәуiр 2021, 22:00

Алматыда 7 жасар қызға азғындық жасамақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды. Қалалық Полиция Департаментінің мәліметінше, күдіктінің ақыл-есі кем. Арнайы есепте тұрған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті қамауға алынды. Бұл 2002 жылғы Ф. Есімді азамат. Ер адамдың ақыл есі кем деп есепте тұрғаны анықталды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 124 бабы, 1 бөлігі бойынша тіркелген. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.

Оқиға Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің кіре берісінде болған. Күдіктінің әрекеті подъездегі бейнебақылау камерасына жазылып қалған.Ер адам жоғары қабатқа көтеріліп бара жатқан кішкентай қызды ұстап алып, арам ойын іске асырғысы келеді. Абырой болғанда, қыз оның қолынан сытылып шығып, анасына хабарласып үлгерген. Күдікті көп ұзамай-ақ қол түсті. Ал жүйке жүйесі бұзылған адамның қалай емін-еркін сайрандап жүргені әзірге белгісіз. Себебі дәрігерлер мұндай науқастардың міндетті түрде бақылауда болуы керек екенін айтады.

Надежда ПОЛУМЫСКОВА, АЛМАТЫ қ. ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жергілікті медициналық мекемелердегі дәрігерлер аудандарында мұндай психикалық ауытқуы бар адамның тұратынын біледі. Олар тіркеуде тұрған азаматтың жағдайын үйіне барып жиі қадағалауы қажет. Сөйлесіп, ақыл-есі кемдігінің одан ары ушығуын байқаса жедел психикалық орталыққа хабарласуы керек.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия