jasqazaq.kz

7 спортшы допингпен ұсталды

07 қыркүйек 2018, 12:26

Қазақстан Республикасының Ұлттық допингке қарсы күрес орталығының сайты ойын кезінде тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін дисквалификацияға ұшыраған спортшылардың жаңартылған тізімін жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Сайттың хабарлауынша, тағы жеті қазақстандық ойыншы бұл тізімге кірген. Ол — 2014 жылы антидопингтік ережені бұзғаны үшін ойыннан шеттелген велошабандоз Виктор Окишев. 2018 жылдың сараптамасы бойынша, ойыншының анализінде тыйым салынған эритропоэтин препараты анықталған. Нәтижесінде, Окишев сегіз жылға яғни, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2026 жылдың 30 маусым айына дейін дисквалификацияланды.

Сондай-ақ допинг қолданғаны үшін ұсталып қалған ауыратлет Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзуші Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) пен жеңілатлет Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) дәрі-дәрмек қолданғаны анықталды.

Осылайша, 2018 жылдың басынан бері допингке қарсы ережені бұзған қазақстандық спортшылардың саны 26-ға жетті. Еске сала кетейік, 6 тамыз күні көркем гимнастка Сабина Әшірбаева мен Владимир Седов анализінде допинг бар екені анықталып, дисквалификацияланған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді