jasqazaq.kz

7 проценттік ипотеканың басты талабы қандай болады?

13 наурыз 2018, 11:02

Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» бағдарламасының жобасын таныстырды.

Бас банкирдің айтуынша, 7 проценттік ипотекамен айналысатын арнайы компанияның капиталы Ұлттық банктің есебінен қалыптасады. Компания ол ақшаға екінші деңгейлі банктер берген жаңа ипотекалық несиелерді сатып алады. «Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді. Алайда бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарлама қарыз алушының төлемге қабілетті болуын талап етеді. Оған ресми кірісі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қазір банктермен жаңа бағдарламаның шарттары пысықталуда. Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы», — деді Д.Ақышев. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша тұрғын үйдің бағасы әр алуан. Сондықтан ірі қалалар мен аймақтар бойынша баспана бағасына дифференциация жасалуы мүмкін. «Бағдарламаның қазіргі өлшемдері әзірше жоба екенін ескеру керек. Бұның барлығы әлі мемлекеттік органдар мен банктермен талқыланады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарының пікірін естуіміз керек», — деп атап көрсетті Д.Ақышев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде