jasqazaq.kz

7 проценттік ипотекамен банкке қанша ақша қайтарамыз?

30 наурыз 2018, 19:41

Халықты баспанамен қамтуға арналған «7-20-25» бағдарламасының талаптары мамыр айында бекітіледі. Ал жылдың екінші жартысында алғашқы несиелер берілуі мүмкін.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, 7 проценттік ипотекамен айналысатын компанияның атауы әлі анықталған жоқ. Оның барлығы бағдарлама талаптарымен бірге бекітіледі. Дегенмен, банк басшылығы арзан ипотеканың қайтарымын есептеп қойды. «Мысалы, Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау үшін ипотеканың ең жоғары мөлшері — 25 миллион теңге болады. Басқа қалалар үшін 10 миллион, ал аудандарда арзан ипотеканың шекті сомасы 7 миллион болады. Біз аталған ақшаның қайтарымын да есептеп қойдық. Несиенің 112-115 процентін және ипотеканың өзін қайтару қажет. Демек, адам 25 миллион теңге алса, 25 жылда оны шамамен 50 миллион етіп қайтарады», — деді О.Смоляков ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетейік, ірі қалаларда арзан ипотеканың шекті мөлшері 25 млн теңге болса, оның сыртында тағы 20 проценттік алғашқы жарна бар. Сонда Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау қалаларының тұрғыны 30 млн-ның пәтерін 7 проценттік несиеге ала алады. Барлық несиелер тек теңгемен ғана беріледі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде