jasqazaq.kz

7 млн адам үйлерін тастап кетті

13 қазан 2019, 11:46

Жапонияда соңғы он жылдағы ең үлкен тайфун салдарынан екі адам қаза болып, алпыстан астам адам жарақаттанды. Мамандар Токиода соңғы 60 жылдағы ең ірі дауыл тұрғанын айтты. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «Хагибис тайфуны жергілікті уақытпен кешкі сағат 7-де басталды.

Қазір ол Токионың оңтүстік батысынан 225 км / сағ жылдамдықпен шығысқа қарай жылжып барады. Соның салдарынан 7 млн-нан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған», деп жазады автор. Жапонияның көлік министрлігі әуежай мен қала орталығының арасындағы темір жол және автобус тасымалы тоқтап қалғандықтан, екі әуежайды уақытша жапты. Жапония әуе компаниялары екі мыңға жуық рейсті тоқтатты. Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) Токио аумағында қатты жаңбыр болатынын хабарлады. «Қалаларда, елді мекендер мен ауылдарда қатты жаңбыр кесірінен төтенше жағдай жарияланды. Көшкін мен сел секілді дүлей апат та болған болуы мүмкін», деді JMA қызметкері. Қатты жауыннан Жапонияда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Жапония билігі 11 млн адамға эвакуация жариялады. Бұл 1959 жылдан кейінгі ең ірі дауыл болуы мүмкін деп болжануда. 306 км / сағ жылдамдықпен болған Вера Тайфунынан 1959 жылы бес мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда