jasqazaq.kz

7 миллион теңге пара алған шенеунік сотталды

05 ақпан 2018, 18:02
 
Оңтүстік Қазақстан облысында 7 млн теңге көлемінде пара алған шенеуніктер сотталды. Өңірдің тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы Біржан Құдияров 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

«ҚазАқпарат» хабарлағандай,  Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен айыпталушылардың аса ірі мөлшерде пара алғаны дәлелденген. Екі шенеунік те жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтеп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқара алмайтын болды. Естеріңізге сала кетейік, аса ірі көлемде пара алған шенеуніктер өткен жылдың шілде айында ұсталған болатын. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының мәліметінше, облыстық ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы Біржан Құдияров параны тексеру актісін жағымды етіп көрсету үшін сұраған. Кейін қылмыс үстінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылған еді. Айта кетейік, Сырым Шалабай бұл қызметке 2016 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды