jasqazaq.kz

7 қазақстандық Кореяда ауыр жұмыстан көз жұмған

01 сәуiр 2019, 17:17

Кореяда ауыр жұмыс салдарынан Қазақстанның 7 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мендегі ақпаратқа сәйкес, осы жылдың басынан бері мыңнан астам Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядан өз еркімен елге оралды. Депортацияланғандары да бар. Олардың саны мұнан әлдеқайда көп. Әзірше деректер жария етілмейді. Бұл операция жалғасып жатыр. Ол жақта қалған Қазақстан азаматтары әлі де баршылық. Бізге қайғылы хабарлар да келіп түсіп жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Оңтүстік Корея аумағында заңсыз жүрген 7 азаматымыз қайтыс болды. Жасы 30 бен 40-тың арасында, жап-жас жігіттер», — деді Айбек Смадияров. Осы ретте ресми өкіл олардың неден қаза тапқанын да айтып берді. «Қара жұмыстан кешке үйлеріне шаршап келіп ұйықтағаннан кейін таңертең оянбай қалған. Оларда медициналық сақтандыру жоқ, жұмыс істеп жатқан мекемесімен келісімшарты болмағандықтан ешқандай құқықтары жоқ. Туыстары денесін елге жеткізетін кезде біраз қиналды. Себебі бір мүрдені Оңтүстік Кореядан елге жеткізуге 6-7 мың доллар қаражат кетеді», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда