jasqazaq.kz

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болу үшін не істеу қажет?

04 мамыр 2018, 11:29

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ұлттық банк қазір мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының аясында «7-20-25″ бағдарламасын әзірлеп жатыр. Мен азаматтардың осы бағдарламаға қатысу үшін не істеу қажет екенін айтқым келеді», — деді бүгін парламенттік тыңдау барысында Данияр Ақышев.
Біріншіден, азамат сатып алатын баспанасын таңдау керек. Бұл орайда бағдарламада үйдің шекті құны бекітілетінін ескеру керек. Мысалы, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында баспананың ең жоғары бағасы 25 миллион теңге, ал басқа өңірлерде 15 миллион теңге болады.
Бұдан бөлек, Ақышевтың айтуынша, бастапқы кезеңде бағдарлама аясында жаңа үйлерге ғана ипотека беріледі.
«Екіншіден, азамат бағдарламаға қатысатын банкке келіп, өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыру қажет. Біз таяуда қаржылық көрсеткіштері жоғары, филиалдық жүйесі мен азаматтарға қызмет көрсету сапасы жақсы дамыған банктерді анықтаймыз», — деді ол.
«Үшіншіден, кредит алу үшін азаматтың табысы болуы керек. Төртіншіден, оның меншігінде баспанасы болмауы тиіс, бұл талапты біз қазір қарастырып жатырмыз. Ұлттық банк осы ережелерді халыққа түсіндіріп, белсенді жұмыс істеуге бар күшін салады», — деді Ақышев.

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаев «7 – 20 – 25» жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынған еді. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.
Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол «Баспана» ипотекалық компаниясы деп аталмақ. Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді