
Елбасы жариялаған әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес бастаманың барлығы да өзекті. Соның ішіндегі «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асырылғанда қарапайым азаматтардың да ипотекалық несие алуы іс жүзінде мүмкін болды.
Алғашқы жарнасы 50 пайызға дейін, мерзімі 15 жылға есептелген ипотекалық шарттар, азаматтардың өмірлік маңызды мәселесі – тұрғын үй қажеттілігін шешу мүмкіндігін шектеп келген еді. Енді қаржылық қатынастар көкжиегінде қарапайым тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу барысында бес әлеуметтік бастаманың біріншісі – тұрғын үй мәселесіне байланысты мониторинг жүргізілуде.
Таяуда Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.
лама 2
«7-20-25″ бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды», — делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Осы тұрғыда «7-20-25» бағдарламасын Жамбыл облысында жүзеге асыруда бірқатар істер атқарылуда. Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше 2019 жылға «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге қол жеткізгендер саны біршама артқан.
Статистикалық мәліметтерге сай тұрғын үйге қол жеткізгендер саны қысқа уақыт ішінде 32 азаматқа жеткен. Соның ішінде баспаналы болған бір азаматпен тілдесу мүмкіндігіне ие болдық.
Тараз қаласының тұрғыны Мейрамбеков Асылан Мейрамбеков атты азаматтың айтуынша, қысқа мерзімде «Арай-2» ықшамуданынан баспанаға ие болған. Ипотека екінші дәрежелі банк арқылы жүзеге асырылғанын айтты. Отбасылы, азаматтың жұбайы, екі баласы бар. Ипотеканың қолжетімділігін айта отырып, алғашқы жарнасының 20 пайыз болғанын да жасырмады.
Осындай қарапайым мысалдар арқылы тұрғындардың қысқа уақыт ішінде баспанаға қол жеткізуге мүмкіндіктері жоғары екендігін айтқымыз келеді. Сонымен қатар, облыстағы екінші деңгейлі банктер де бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысуда. Сөйтіп «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының игілігі арқасында Жамбыл облысында баспаналы болатындар қатары арта түспек.