
68 жастағы көкшетаулық ардагер велошабандоз «Trackman 2020» жарысында ел чемпионы атанды.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында ардагерлер мен әуесқойлар арасында «Trackman 2020» тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.
«Жарысқа Қазақстан, Ресей және Германиядан келген 60-тан астам спортшы қатысты. Оның ішінде КСРО спор шебері, 68 жастағы көкшетаулық велошабандоз ардагер Валерий Карагаев 1000 метр қашықтықта жекелей және соңынан еру әдістері бойынша екі алтын медаль иеленді», — дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.