jasqazaq.kz

Ұлыбритания балаларды жынысына қарай бөліп оқытуға қарсы

14 қазан 2017, 19:54

Ұлыбританияның Соты қыздар мен ұл балаларды бөліп оқытатын ислам мектебінің жұмысын заңсыз деп тапты.

Ұлыбританияның Орталық бөлігінде, Бирмингамда орналасқан Al-Hijrah мектебіне оқушыларды жаңашыл қоғамға дайындай алмай отыр деген айып тағылды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.

Сот балаларды бөліп оқытуды дискриминацияның бір түрі деп бағалап, 2010 жылы қабылданған Теңдік туралы заңға қайшы келеді деген шешім шығарды. Енді оқушыларды жынысына қарай бөліп оқыту саясатын ұстанатын мектептер заңға бағынып, білім беру жүйесін өзгертпесе, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Аталған шешім жоғарыда аталған мектептен бөлек, тағы 20 білім ордасына әсер етуі мүмкін.

Қыздар мен ұл балаларды бөліп оқытатын мектептерде олар сабақты жеке сыныптарда оқиды. Сабақтан тыс уақыттарда да бір-бірін кездестірмейді. Өйткені ойнайтын алаңшалар, спорттық залдар, кітапхана, дәліздерге дейін жеке салынған.

“The Qazaq Times” 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты