jasqazaq.kz

6100 теңгелік темір жол билетін 20 000 теңгеге сатқан

26 шiлде 2018, 20:34

Шымкенттік алыпсатарлар 6100 теңге тұратын темір жол билеттерін 20 000 теңгеге сатып келген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Бұл жайтты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері анықтап отыр.

«Жасырын сатып алушы» жобасы аясында Шымкент теміржол вокзалының қызметіне жүргізілген шара барысында билет құнын бірнеше есеге аспандатып сатып отырған алыпсатарлардың бірі Қарағандыға дейінгі бағыттағы темір жол билетін 30 000 теңгеге сатып тұрғаны белгілі болды.

Шымкент вокзалы кассасында тамыз айының соңына дейін Шымкент Атырау бағытына билет болмағанымен, оның аумағында алыпсатарлар бұл бағыттағы билетті 20 000 теңгеге ұсынған. Билеттің негізгі құны 6100 теңге құрайды.
«Мониторинг жүргізудегі басты мақсат жазалау емес, алдын алу шараларын жүргізу болып табылады» деген департаменттегілер мұндай шаралар алыпсатар саудасын тежеуге септігін тигізетініне үміт артып отыр.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді