jasqazaq.kz

61 жастағы қызғаншақ еркек 28 жастағы сүйіктісін өлтірді

22 қазан 2021, 12:23

Павлодар облысының қарт тұрғыны жас әйелді өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға маусым айында Успен ауданында болған.

28 жастағы қайтыс болған қыздың 61 жастағы ауыл тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Алайда, ер адам үнемі жанжал шығарып, қол көтергендіктен олар бірге өмір сүре алмады. Қыз ақыры сүйіктісінен кетуді шешті. Басқа баратын жері болмаған соң, ол өзінің жалғыз тұратын танысының қасына барған. Көп ұзамай танысына қонаққа Павлодардан досы келді. Қонақ жігіт пен қыздың арасында сезім пайда болып, олар қалаға бірге оралуды шешті, — деп атап өтті полиция.

Бұл туралы біліп қойған 61 жастағы тұрғын қызға келіп, өзіне қайта оралуын сұрайды. Қыздың бас тартқанына көне алмаған ол қызға бірнеше жерден пышақ салды, — деді ДП.

Үй иесі барлық оқиғаны көзімен көрген және қылмыскерді ұстауға тырысқан, бірақ ұстай алмаған.

Үй иесі дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалды. Өкінішке қарай, қыз жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Ал полиция қызметкелері қысқа уақыт ішінде күдіктіні ұстады, деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Ер адам 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық