jasqazaq.kz

60 жастағы азамат қыз зорламақ болған (видео)

12 қараша 2019, 12:06

Әзірге оның аты-жөнін жария етпей-ақ қояйық деп шешіпті.
Кезінде елге танымал спортшы болған, қазір балаларды жаттықтыратын 60 жастағы азамат қыз зорламақ болған. Бұл жағдайды жәбірленуші қыздың өзі айтып берді. Бойжеткен қыркүйек айының басында «Тальго» пойызымен Петропавлдан Алматыға келе жатып, түнде ұйықтап жатқанда өзіне бейтаныс еркектің тиіскенін жеткізді. Бұл туралы    Zakon.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда бұл іс қылмыс құрамының жоқтығынан тоқтатылған екен. Енді «Не молчи» қоры үнсіз қалмай, істі қайтадан көтермек.
18 жастағы қыз Петропавлдан Алматыға келе жатқан. Түнде Қарағанды станциясында оның купесіне 60 жастағы еркек кіріп келеді. Қатты ұйқыдағы қыз денесіне жүгіртілген бөтен қолдан оянып кетіпті. Жаңадан кірген жолаушының ұйықтауға құлқы болмаған сияқты.
Қылмыс құрамын таппаған полиция істі жауып тастаған. Енді қоғам белсенділерінің араласуымен іс қайта қарала бастады.
«Не молчи» қорының дерегінше, қызқұмар жолаушы кезінде елге танымал болған спортшы екен. Әзірге оның аты-жөнін жария етпей-ақ қояйық деп шешіпті.
— Ол боксшы. Үш дүркін КСРО чемпионы, Еуропа чемпионы. Бокс академиясында балаларды жаттықтырады. Қазақстанның бокс федерациясы бұл жағдайға мән беруі керек, — дейді «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Тансари.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұл зорлық оқиғаларына қатысты «Тальго» пойызында орын алған жалғыз жағдай емес. Биыл жазда Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге аттанған жолаушы қызды зорлаған екі жолсерік сотталған болатын.
— Еркек кісі қызға тиіскен, кеудесін, басқа да жерлерін ұстаған. Біздің қылмыстық кодексте дәл осы әрекеттерге қатысты баптар жоқ болғандықтан, ол ұсақ бұзақылық бабымен 5-10 АЕК айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін, — дейді адам құқығы жөніндегі заңгер Халида Әжіғұлова.

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда