jasqazaq.kz

60 жастағы қарияға 23 жас кіші келіншегі ұл сыйлаған

30 тамыз 2017, 15:08

 Рушти Мурадов Алматы облысының Есік қаласында тұрады. Түрік азаматының Қазақстанға келгеніне 40 жылға жуықтаған. Рушти Мурадов əйелінен ерте айырылғанда кішісі екі жасында қалған үш қызын жалғыз өсірген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

           23 жас кіші келіншегі Алпысбай сыйлаған қария қалай қуанғанын айтып берді
   Қыздарын тұрмысқа жібергеннен кейін үйленген ақсақал 60 жасқа қараған шағында ұлды болғанын қуанышпен айтып берді.
   «Мен үш рет үйлендім. Бірінші əйелім толғақ үстінде қайтыс болған. Бірінші ұлым да сол кезде шетінеп кетті. Үш қызымды өзім өсірдім. Анасынан екі жасында қалған кіші қызымды жұбатып жүрген кезім əлі есімде. Қыздарымның жалтақтап өскенін қаламадым. Олар тұрмысқа шыққаннан кейін ғана үйленуді ойладым», — дейді Рушти Мурадов.
  23 жас кіші келіншек қарияға Алпысбайдың қуанышын көрсеткен.
  «Екінші некем сəтсіз болып, үшінші рет үйлендім. Əйеліммен бірге тұрғанымызға 13 жылға қарады. Ол кісі маған 58 жасымда ұл сыйлады. Алпысбайым 10 жастан асты. Ұлды болғанымда қатты қуандым. Алпысбайымды көргендегі қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес», — дейді 66 жастағы қария.
   Бүгінде қыздарынан немере, шөбере сүйіп отырған Рушти Мурадов Мекке қаласында құлшылық жасап жүр.
Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде