«6 жыл бойы өз қызын зорлаған»: Павлодар облысында ер адам 25 жылға сотталды

06 қазан 2022, 17:14

Павлодар облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы жәбірленушінің әкесі бола тұра 6 жыл бойы баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, күш қолдану арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталған.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Павлодар ауданының тұрғыны кәмелетке толмағанға қатысты зорлық-зомбылық көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, венерологиялық ауру жұқтырған. Сот шешімімен айыпталушыға 25 жыл мерзімге жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде өтеу, химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады», — деп жазылған хабарламада.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және жүргізілген сараптамалармен дәлелденді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, ер адам педофилия деп аталатын психикалық ауытқушылықпен ауырады.

Сотталушы өзі кінәсін мойындамады.

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады