jasqazaq.kz

6 жасар Ернарға ота жасалды

16 тамыз 2018, 15:09

Алматыда 6 жасар Ернар Әлібековке блефаропластика жасалды.

Ернарға «қабақтың қайырылуы» диагнозы бойынша жасалған ота сәтті шыққан. «Кірпігі ішіне қарай өсіп бара жатқан соң, қабағына ота жасау керек болды. Түсіп тұратын қабағын көтергеннен кейін, кірпіктері де сыртқа қайырылды. Көздері ашылып, доп-домалақ болып қалды. Әлі бетінің ісігі қайтқан жоқ, көгеріп тұр. Бәрі жақсы болса, 20 тамыз күні жіптерін шешеміз. Отаны тек көзінің үстіңгі жағына ғана жасадық, астыңғы бөлігін емдеу күрделірек болды. Отаны квота арқылы жасатпақ едім, бірақ күтуге тура келді. Бала болса қиналып кетті. Сондықтан ақылы операцияға жүгіндім. 112 мың теңгеге шықты»,-деді Зебинса Төлебергенова. Анасының Зебинсаның айтуынша, Ернар 40 минутқа созылған емдеу шарасын ойдағыдай өткерген. «Құжаттарымызды жинап, дайындалып келгенімізге қарамастан дәрігерлер алғашында ота жасаудан бас тартты. Кейін асқынулар болып, басқа да ағзаларына зақым келетінін айтса да тәуекелге бардық. Артынан барлық операция командасымен сөйлесіп, рұқсат алдық. Әдетте 15-20 минутқа созылатын ота біздің Ернар үшін 40 минутқа созылды. Көп қиналған жоқ, 1 күннен кейін балаларға қосылып ойнап кетті. Астанаға келдік»,-деді анасы.

ҚазАқпарат хабарлауынша, дәрігерлер анасына тек 18 жастан кейін ғана келбетін қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасауға кеңес берген.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді