jasqazaq.kz

6 студент аман-есен елге оралды

04 тамыз 2017, 19:08

Мысырда тұтқындалған 6 студент аман-есен елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook-тегі жеке парақшасында жазды деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

«Еліміздің барлық алты азаматы бүгін Мысырдан өз Еліне аман-есен оралды. Қазір олар үйлеріне, туыстары мен жақындарына бара жатыр», — дейді Жайнақов.

Еске сала кетейік, 24 шілде күні алты студентіміздің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған. Кейін оларды сол елдің құқық қорғау мекемелері ұстап кеткені белгілі болды. Мысырлық тарап студенттердің қайда және не үшін ұсталғаны туралы уақытында ақпарат бермегендіктен, еліміздің сыртқы істер министрлігі наразылық нотасын жолдады. Артынша 6 студенттің елімізге жеткізілетіні туралы хабар берілген.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде