jasqazaq.kz

6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқытуға көшеді

23 наурыз 2020, 18:00

6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзіретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», — деді Дәурен Абаев. Оның атап өтуінше, осыған орай қосымша шара ретінде «Еларна» мен «Балапан» теле арналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі. «Бірақ, бұл негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетіледі», — деді министр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия